Жарияланды: 390

Мәжіліс Бюросында депутаттар талқысына шығарылатын заң жобалары белгілі болды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен Палата бюросының кезекті отырысы өтті, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Онда алдағы аптада Мәжілістің жалпы отырысына шығарылатын мәселелер сараланды. Палатаның Қаржы және бюджет комитеті еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша тәуекелдерді азайту бөлігінде толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда қарауды ұсынды. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Ғарыш қызметі туралы» және соған сәйкес ілеспе заң жобасы бірінші оқылымда депутаттардың талқысына шығарылатынын хабарлады. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті бірнеше заң жобасын күн тәртібіне шығаруды ұсынып отыр. Атап айтқанда, «Келісілген макроэкономикалық саясат туралы келісімді ратификациялау туралы», Қазақстан мен Француз Үкіметтері арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау жөнінде, «Өтпелі кезең ішінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары бар. Сонымен қатар «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізу алдындағы тексерістер мақсаттары үшін тексеру жүргізетін органға мәліметтерді, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді беру тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы», Қазақстан мен Корея арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы, «1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы», «1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімнің шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімдердің нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттамаға толықтыру енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобалары да Палата талқысына ұсынылды. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті бірқатар заңнамалық актілерге ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулер енгізуді қарастырған заң жобасын екінші оқылымда қарау үшін күн тәртібіне енгізуге дайын екенін мәлімдеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін