Мәжіліс Бюросының кезекті отырысы болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Бюросының кезекті отырысы болып өтті

Мәжіліс Бюросының кезекті отырысы болып өтті

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжановтің жетекшілігімен Палата Бюросының кезекті отырысы өтті.

  • 24 Маусым 2011
  • 398
Фото - Caravan.kz

Онда алдағы аптада Мәжілістің жалпы отырысына шығарылатын мәселелер сараланды.

Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті «2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын депутаттардың талқысына шығарылатынын хабарлады.

Аграрлық мәселелер комитеті еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасын екінші оқылымда қарауды ұсынды.

Бюро отырысында Мәжілістің заң шығармашылық ісіне қатысты басқа да мәселелер қаралды

Соңғы жаңалықтар