Мәжіліс бюросының отырысы өтті
Бүгін Мәжілісте өткен Палата Бюросы отырысында заң шығарушылық жүйесінің күнделікті қызметіне қатысты мәселелер қаралды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды. |
Салалық комитеттер басшыларының баяндауы бойынша алдағы депутаттардың жалпы отырысының күн тәртібіне шығарылатын мәселелер нақтыланды. Парламентшілер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларына қорытынды әзірлеу мезгілін анықтайтын болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін