Салалық комитеттер басшыларының баяндауы бойынша алдағы депутаттардың жалпы отырысының күн тәртібіне шығарылатын мәселелер нақтыланды. Парламентшілер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларына қорытынды әзірлеу мезгілін анықтайтын болады.