Мәжіліс депутаттары "Азық-түлік өнімдерінің бағасы мен сапасы туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясының шешімін мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаттары "Азық-түлік өнімдерінің бағасы мен сапасы туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясының шешімін мақұлдады

Мәжіліс депутаттары "Азық-түлік өнімдерінің бағасы мен сапасы туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясының шешімін мақұлдады

Бүгін, 4-наурызда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Азық-түлік өнімдерінің бағасы мен сапасы туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясының шешімін мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Наурыз 2004
  • 498
Фото - Caravan.kz

Мақұлданған түзетуге сәйкес, алғаш рет өндіріске жіберілген және ҚР аумағына әкелінетін азық-түліктік және биологиялық активті қоспалар, генетикалық жолмен өзгертілген өнімдер, балалар тағамы, бояғыштар, сумен және азық-түлік тағамдарымен жанасатын материалдар мен бұйымдар мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Заң жобасында сондай-ақ, «тазалық және індет бақылауын» жүзеге асыру жолдары қарастырылған.

Заң жобасы бойынша Қазақстан аумағында өндірілетін жоғары және бірінші сортты барлық түрлі бидай ұнын міндетті түрде фортификациялау (байыту) тәртібі енгізіледі. Байытылмаған жоғары және бірінші сортты бидай ұнын Қазақстан аумағына әкелу, сату және өндіруге тыйым салынады.
Келісім комиссиясының шешімі сенаттың жалпы отырысында мақұлданғаннан кейін «Азық-түлік өнімдерінің бағасы мен сапасы туралы» заң Елбасының қол қоюына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар