Мәжіліс депутаттары келісім комиссиясының "БАҚ туралы" заң жобасына қатысты шешімін мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаттары келісім комиссиясының  "БАҚ туралы" заң жобасына қатысты шешімін мақұлдады

Мәжіліс депутаттары келісім комиссиясының "БАҚ туралы" заң жобасына қатысты шешімін мақұлдады

Бүгін, 17-наурызда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары келісім комиссиясының "БАҚ туралы" заң жобасына қатысты шешімін мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 17 Наурыз 2004
  • 409
Фото - Caravan.kz

Комиссияның шішіміне сәйкес, БАҚ-тардың жұмысын біржола немесе уақытша тоқтатуға түрткі болатын негіздемелер тізімі біршама қысқартылды. БАҚ-тардың жұмысын біржола немесе уақытша тоқтатуға түрткі болатын барлық негіздемелер ҚР Ата заңының баптарына сәйкестендірілді.

Сондай-ақ, келісім комиссиясының шешімімен, егерде БАҚ-тың шығу мәліметтері бір жылда екі мәрте бұрмаланып көрсетілсе, басылымды шығаруға уақытша тыйым салынады, немесе сот шешішімен оның жұмысы біржола тоқтатылады.
Келісім комиссиясының шешімі сенаттың жалпы отырысында мақұлданған жағдайда, заңды регламент бойынша, «БАҚ туралы» заң жобасы қабылданды деп танылып, Елбасының қол қоюына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар