Мәжіліс депутаттары "Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы" заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаттары "Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс депутаттары "Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы" заң жобасын мақұлдады

Бүгін, 26-мамырда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 26 Мамыр 2004
  • 3632
Фото - Caravan.kz

«Заң жобасының басты мақсаты — Қазақстан аумағында халықаралық арбитраждық институттардың жұмысын құқықтық реттеу, тараптардың арбитраждық келісімге қол қоюынан бастап, арбитраждық шешім қабылдау шарттары, оны мойындау тәртібі мен жүзеге асыруға дейінгі арбитраждық процестің барлық сатыларын реттеу, осы орайда халықаралық тәжірибедегі халықаралық арбитраж принциптері мен аспектілерін ескеру болып табылады»,- деді заң жобасын депутаттарға таныстырған ҚР әділет министрінің орынбасары Сабыржан Бекбосынов.

Оның айтуынша, заң жобасы Қазақстанда арбитраждың жұмыс істеуіне қажетті құқықтық-ұйымдастыру мәселелерін, сондай-ақ, шетелдерде шығарылған арбитраждық шешімдерді республика аумағында орындау және оны мойындау шарттары мен тәртіптерін реттейді.
Заң жобасы азаматтық-құқықтық келісім-шарттарына байланысты туындаған дау-дамайларды реттеудің баламалы әрі озық институты ретінде арбитраждарды құру және олардың іс-қызметін құқықтық реттеу қажеттігіне байланысты жасалды.
Заң жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы жұмсауды қажет етпейді.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.