Мәжіліс депутаттары көне Тараз қаласында - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаттары көне Тараз қаласында

Мәжіліс депутаттары көне Тараз қаласында

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын өңірлерде насихаттау мақсатында

  • 11 Қаңтар 2013
  • 483
Фото - Caravan.kz

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ұ.Сәдібеков, О.Өксікбаев, Қ.Жабағиев, Т.Асанов, О.Асанғазы, С.Сорокин Жамбыл облысындағы жұмыс сапарларын бастады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәжілісмендер Жамбыл облысындағы алғашқы іссапар күні Тараз қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында еліміздің осы жылға дейінгі жеткен жетістіктері нақты мәліметтер арқылы баяндалып, Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясында алға қойған міндеттер төңірегінде баяндамалар жасалды. Мәжілісмендер түрлі сұрақтар бойынша нақты жауаптар беріп, кездесуге қатысушылар тарапы Елбасы бастамасын үлкен ықыласпен қолдайтындықтарын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары Тараз қаласындағы Керімбай атындағы №12 орта мектеп базасында қала тұрғындарымен кездесу өткізіп, Елбасы Жолдауы бойынша түсіндіру, насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесуден соң мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында салынған «Ер төстік» балалар бақшасымен және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеуден өткен «Самал» мөлтек ауданындағы №11 үйдегі жұмыс нәтижелерімен танысып, тұрғындармен сұхбаттасты.