Мәжіліс депутаттары қасақана бала өлтіру қылмысы үшін өлім жазасын тағайындауды ұсынуда
Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары қасақана бала өлтіру қылмысы үшін өлім жазасын тағайындауды ұсынуда. Бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында бір топ депутаттардың Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдаған үндеуін мәжіліс депутаты Нұртай Сәбильянов оқып берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Бейкүнә сәбилерге, қорғансыз балаларға қатысты жасалған қатыгездік қылмыс жасаған адамға ешқандай кешірім болмауы тиіс, оларға өлім жазасын тағайындау қажет деп санаймыз. Сондай-ақ біз бейкүнә балаларды аяусыз өлтіргені үшін өлім жазасын қолдануды қарастыратын заңға түзету енгізу қажет деп санаймыз. Сіз біздің ұсынысымызды қолдайды сенеміз", делінген үндеуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін