Мәжіліс депутаттары "Қазақстандағы электр қуаты туралы" заңға өзгерістер енгізуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.29
  • 501.03
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаттары "Қазақстандағы электр қуаты туралы" заңға өзгерістер енгізуді мақұлдады

Мәжіліс депутаттары "Қазақстандағы электр қуаты туралы" заңға өзгерістер енгізуді мақұлдады

Бүгін, 21-қаңтарда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Қазақстандағы электр қуаты туралы" заңға өзгерістер енгізуді мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 21 Қаңтар 2004
  • 510
Фото - Caravan.kz

Аталмыш заң жобасы бойынша баяндама жасаған ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьниктің түсініктемесіне жүгінсек, қабылданған түзетуге сәйкес «жергілікті атқарушы билік пен өкілетті органның нұсқауымен үкімет ұсынған тізімдегі елді мекендерде коммуналдық меншіктегі жылумен қамтамасыз етуші мекемелерге отын сатып алу үшін жергілікті бюджеттен субсидия бөлуге рұқсат беріледі».

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің атап көрсетуінше, «мұндай шығындар баға қалыптастыруда ескерілмейді». Заң жобасын парламентке енгізу шағын қалалардағы жылумен қамтамасыз ету мәселесін шешу қажеттілігіне байланысты.
«Шағын қалалардағы кәсіпорындарда белең алған құлдыру салдарынан тұрғындар саны күрт азайып, жылу жүйесіне түсетін ауыртпалық қысқарды. Бірақ сол жылу желілерін сақтап қалуға жұмсалатын шығындар бұрынғы деңгейде қалып отыр»,- деді министр.
В.Школьниктің айтуынша, жоғарыда аталған себептерге байланысты жылу қамтамасыздығына жоғары өзіндік құнның қалыптасуы мен халықтың төлем қабілетінің төмендігінен үкіметке шағын қалалардағы жылу қамтамасыздығы тауқыметін жыл сайын шешуге тура келіп отыр. Онда да мәселені үкіметтің резерві есебінен шешуге мәжбүр.
В.Школьниктің хабарлауынша, «Қазақстандағы электр қуаты туралы» заңға енгізілетін өзгерістер қабылданғаннан кейін «отын сатып алу үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлу шарасы жылумен қамтамасыз етуші ұйымдар жұмыс істей бастаған алғашқы айларда ғана жүзеге асырылады». «Ал қалған кезеңге арнап отын сатып алу мақсатына өнім өткізуден табылған қаржы жұмсалуы тиіс»,- дей келіп министр «қаржыландыру көлемі елді мекендер санына, отын құнына және басқа да параметрлерге байланысты жыл сайын нақтыланады»,- деп атап көрсетті.
Заң жобасы сенаттың талқысына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар