Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, Шығыс Қазақстан облысындағы жеті округтың бесеуінде депутат сайланды. №23 сайлау округінде қазіргі депутат, «Отан» партиясының үміткері Александр Милютин сайланды. №24 округте де «Отан» өкілі , қазіргі депутат Ержан Рахметов алға шықты. № 25 сайлау округінен «Отан» партиясының өкілі Нұртай Сәбильянов сайланды. 26 сайлау округінде қайта сайлау өткізіледі, бұл округте дербес үміткер Тохтархан Нұрахметов пен қазіргі депутат, «АИСТ» блогының өкілі Асқар Қабанбаев екінші турға шықты . № 27 сайлау округында «Отан» партиясының өкілі Валерий Доскалов пен қазіргі депутат, «АИСТ» блогының өкілі Николай Щербинин екінші турға өтті. 28 сайлау округында «Асар» партиясының өкілі, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Вера Сухорукова депутаттыққа сайланды. № 29 сайлау округында қазіргі депутат, «АИСТ» блогының өкілі Виктор Егоров жеңіске жетті.
В Жамбыл облысындағы төрт округтың екеуінде сайлау қайта өткізіледі. №30 сайлау округінде қазіргі депутат, «АИСТ» блогының үміткері Жазбек Абдиев пен «Отан» өкілі Алдиярбек Түсіпов екінші турға өтті. 31 округте «Отан» партиясының өкілі Әмзебек Жолшыбеков сайланды. №32 округте қазіргі депутат, «Отан» өкілі Серік Қонақбаев жеңіске жетті. 33 сайлау округінде дербес үміткер Орынбасар Қалқабаев пен «Отан» партиясының үміткері Амангелді Карентаев қайта сайлауға түсетін болды.
Батыс Қазақстан облысында қайта сайлау өткізілмейді. №34 округте «Отан» партиясының үміткері Амангелді Таспихов, №35 округте өз бетімен сайлауға түскен Аманжан Жамалов, №36 округте «Отан» өкілі Елена Тарасенко сайланды.
Қарағанды облысындағы бес округтың біреуінде сайлау қайта өтеді. №37 сайлау округінде қазіргі депутат, «Отан» партиясының үміткері Шаймерден Оразалинов, №38 сайлау округінде «АИСТ» блогының үміткері Мұхтар Тінікеев, №39 сайлау округінде «Отан» өкілі Владимир Нехорошев депутаттыққа сайланды. №40 сайлау округінде «Отан» өкілі Рауан Шаекин мен өз бетімен ат ұсынған Абдулла Торабеков екінші турға шықты. №41 сайлау округінде дербес үміткер Райымбек Аяшов депутаттыққа сайланды. №42 сайлау округінде «Отан» партиясының өкілі Ерлан Нығматуллин жеңіске жетті.
Қостанай облысындағы төрт округта депутаттар сайланды. № 46 сайлау округында «Отан» партиясының үміткері, облыс әкімінің орынбасары Бағила Баймағамбетова сайланды. 47 сайлау округінде қазіргі депутат, «АИСТ» блогының өкілі Сергей Жалыбин сайланды. № 48 округте «АИСТ» блогының өкілі Нұрлан Итемгенов жеңіске жетті . 49 округте «Отан» партиясының үміткері Орал Мұхамеджанов депутаттыққа сайланды.