Мәжіліс депутаттары Сәкен Жылқайдаровтың мезгілсіз қазасына байланысты көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаттары Сәкен Жылқайдаровтың мезгілсіз қазасына байланысты көңіл айтты

Мәжіліс депутаттары Сәкен Жылқайдаровтың мезгілсіз қазасына байланысты көңіл айтты

Мәжіліс депутаты Сәкен Жылқайдаров дүниеден өтті.

  • 14 Қазан 2015
  • 502
Фото - Caravan.kz


Осыған орай, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата спикері  Қабиболла Жақыпов депутаттар атынан марқұмның туған туыстарына көңіл айтып, жиынды бастамас бұрын әріптестері С. Жылқайдаровты бір минут еске алды. 

«Кеше кешкісін сұм ажал арамыздан әріптесіміз Сәкен Егінбайұлы Жылқайдаровты мәңгілікке алып кетті. Алланың ісіне амал жоқ. Сәкен Егінбайұлының жарқын бейнесі біздің бәріміздің жүрегімізде сақталатыны сөзсіз. Марқұмның туған-туыстарына, отбасына орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз», деді спикер Қабиболла Жақыпов.  
Сәкен Егінбайұлы Жылқайдаров 1956 жылы Алматы облысы Көксу ауданында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын және Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1993-1996 жылдары  Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, 1997-1999 жылдары  Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет етті. 1999-2011 жылдары  Алматы облысы Талдықорған қаласының әкімі, 2011-2012 жылдары  Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған.2012 жылғы қаңтардан бастап V сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Тың игеруге 50 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған. Марқұмның үш баласы және алты немересі бар. 

Соңғы жаңалықтар