Мәжіліс депутаттары шекарашылардың жағдайымен танысты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаттары шекарашылардың жағдайымен танысты

Мәжіліс депутаттары шекарашылардың жағдайымен танысты

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Алматы облысында өткізген көшпелі отырысы барысында «Қорғас» Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы құрылысының барысымен танысты.

  • 7 Маусым 2011
  • 445
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар парламентшілер «Жетіген — Қорғас» темір жолының құрылыс алаңында, сондай-ақ «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің участігінде болды.

Іссапар барысында аталған комитеттің мүшелері Жаркент және Шонжы шекара бөлімдерінде болып, шекарашылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен және де Мемлекеттік шекараны жайластыру ісімен танысты. Әскери қызметшілермен өткен жүздесулерде Отан алдында қызмет өтеу жолындағы кездесетін әлеуметтік мәселелер талқыға салынды.

Депутаттарға шекарашылардың қызмет ету тәсілдері, қазіргі заманғы әскери техника мен қаруды пайдалану жолдары, Мемлекеттік шекараны қорғауға арналған техникалық құрал-жабдықтар көрсетілді. Сондай-ақ бейнебақылау жүйесінің жұмысы таныстырылды. Парламентшілер Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасының орынбасары — ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Н.К.Мырзалиевпен және Алматы облысы, Панфилов ауданының әкімі Е.Келемсейітпен бірге Жаркент шекарашылар бөлімінің даңқты ерлігін паш ететін мұражайдың ашылуына қатысты.

Ұйғыр ауданында аудан әкімшілігінің белсенділерімен, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының депутаттық тобының өкілдерімен кездесу өтті. Алматы облысы, Ұйғыр ауданының әкімі К.А.Омаров сөз сөйлеп, парламентшілерге өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы баяндап берді. Осы басқосуда Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ә.Р.Жолшыбеков Парламенттің және өзі жетекшілік ететін комитеттің қызметі жөнінде айтып берді. Көшпелі отырыста Жетісу өңірінің бүгінгі тыныс-тіршілігі, әлеуметтік-экономикалық жағдайы сөз болды.

Айта кету керек, комитеттің көшпелі отырысы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші шақырылымның төртінші сессиясына арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілді.

Соңғы жаңалықтар