Жарияланды: 380

Мәжіліс депутаттары Шымкенттегі Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын түсіндіру мақсатымен Оңтүстік Қазақстан облысында іссапарда жүрген Мәжіліс депутаттары Уәлихан Бишимбаев пен Надежда Нестерова Шымкент қаласының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барып және оның жұмысымен танысты.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды. Кездесу барысында депутаттар мемлекеттік саясаттың кәсіпкерлікті қолдау саласындағы басылымдылықтарына барынша назар аударды. Осы тұрғыдан Елбасының былтырғы желтоқсан айындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында айқындалған мақсаттарды жүзеге асыру шаралары жайында әңгіме өрбіді. Халық қалаулылары Елбасы жүктеген міндеттерді жүзеге асырудағы бизнес-қауымдастықтың рөлі жайында да сөз қозғады. Бұдан бөлек, ел экономикасындағы ғылым мен инновация рөлі, сондай-ақ, инновациядағы ғалымдар мен кәсіпкерлер арасындағы тығыз байланыстың қажеттілігі туралы да айтылды. Өз кезегінде кәсіпкерлер тарапынан Қазақстандағы іскерлік климатты жақсарту туралы бірқатар ұсыныстар жасалып, кәсіпкерлік бастамаларды қолдаудағы оң өзгерістерге мән берілді. Бұдан бөлек, Мәжіліс депутаттары Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездесулер өткізіп, «Сезім» балабақшасы мен Керейт ауылындағы О.Ағыбаев атындағы орта мектептің ашылу салтанатына қатысты. Сондай-ақ, депутаттар өңір кәсіпкерлерімен, ғалымдарымен және шығармашылық зиялы қауымымен жүздесті. Сонымен қатар ҚР Парламент Мәжілісі депутаттары У.Бишимбаев пен Н. Нестерова «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін