Мәжіліс депутаттары Ұлан-Батыр қаласында болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаттары Ұлан-Батыр қаласында болды

Мәжіліс депутаттары Ұлан-Батыр қаласында болды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Шавқат Өтемісов пен Асхат Бекенов Ұлан-Батыр қаласында іс сапарда болды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметіне

  • 28 Қазан 2013
  • 1266
Фото - Caravan.kz

Аталған Мәжіліс депутаттары Қазақстан Республикасының Парламенті мен Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралы арасындағы  парламентаралық ынтымақтастық бойынша топ мүшелері болып табылады.

Кездесу Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастық пен достық қатынастарға байланысты Келісімге қол қойылғанына 20 жыл толу құрметіне орайластырылды.


Сапар барысында Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының басшыларымен, парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшілерімен және де Моңғолияның Қазақстандағы бұрынғы Елшісімен екіжақты жүздесулер өткізілді.