Мәжіліс депутаттары: ұлттық дәстүрге патент керек! - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаттары: ұлттық дәстүрге патент керек!

Мәжіліс депутаттары: ұлттық дәстүрге патент керек!

Ұлттық дәстүрге патент керек! Бүгін Мәжіліс депутаттары Үкіметке осындай ұсыныс айтты. Халық қалаулыларының пікірінше, ата-бабадан келе жатқан мұрамызды қорғау үшін оны ресми түрде меншіктеп алғанымыз жөн. Әйтпесе бұл мүмкіндікті бөтен біреулер пайдаланып кетуі мүмкін.

  • 23 Маусым 2011
  • 470
Фото - Caravan.kz

Қазірдің өзінде Ганс Цольман деген неміс кәсіпкерінің қымызды патенттеп алып, оны сату арқылы мол табысқа кенеліп отырғанын бұрынғы хабарларымыздың бірінде айтқанбыз. Ол  Қазақстанға келіп, жергілікті халықты үйретпекші де болған. Заң шығарушы орган өкілдерін шетелдік азаматтың осы әрекеті қатты толғандырған көрінеді. Олар енді барлық дәстүрлі тағамдарға патент шығару керектігін алға тартуда. Бұл орайда шетелдік тәжірибені келтіріпті. Мәселен, Чехияға сыра үшін америкалықтармен таласуға тура келді. Ақыры еуропалықтар патентті иеленді. Ал Қазақстанда ұлттық мұраны қорғау үшін әлі ешқандай қадам жасалмаған. Тіпті арнайы заң да жоқ. Депутаттар болашақта қазақша күрес, көкпар, ою-өрнек пен  ұлттық тағамдарды  қазақтың атына ресми тіркеу туралы бастама көтерді. Алдағы уақытта бұл ұсынысты Үкімет қарастыратын болды. «Әзірге ұлттық тағам немесе дәстүрдің иесі атануға ешкімнің хақысы жоқ» -дейді мамандар.


Әмірхан Аманбаев
, ҚР Әділет министрінің орынбасары:

— Басқа мемлекеттерде біздің қымызымызды, етті шығаруға ешкім  патент алған жоқ.  Жаңа айтып отыр ғой, бір неміс қымыз шығарып жүр деп. Ол неміс қымызға бірдеңе қосады, шырын, алма қоса ма, ондайлар көп, патент   алып жатқан. Ал негізі қазақтың қымызы мен қазы-қартасына ешкімнің таласы жоқ, әзірге. Оған қорықпай-ақ қойыңыздар!

Соңғы жаңалықтар