Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну 9 қазан күні басталып, 14 қазан күні аяқталады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну 9 қазан күні басталып, 14 қазан күні аяқталады

Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну 9 қазан күні басталып, 14 қазан күні аяқталады

Алматы. 8 қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 12-бабының 13- тармақшасына, 85-бабының 1-тармағы 3 тармақшасына, 4-тармағына және 99-бабының 1-тармағына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы өзінің қаулысымен Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған шығып қалған депутатының орнына сайлауды 2008 жылғы 23 қазанға тағайындады. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 9 Қазан 2008
  • 576
Фото - Caravan.kz

Орталық сайлау комиссиясы сайлауды әзірлеу мен өткізу бойынша іс-шаралардың нақтылы мерзімдерін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Сайлауды әзірлеу мен өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес, Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну 9 қазан күні басталып, 14 қазан күні аяқталады. Мәжілістің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын депутаты мандатына кандидат ұсыну құқығы Ассамблея Кеңесіне тиесілі.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес, Ассамблея Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеу 12 қазанда басталып, 17 қазанда аяқталады.

Тіркеуді Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комсиссиясы жүргізеді.

Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің сайлау алдындағы үгіті 2008 жылғы 18 қазанда басталып, 21 қазан күні сағат 24.00-де аяқталуы тиіс.

Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жыл бойы тұрақты тұрып жатқан, жасы 25-ке толған, республика және белсенді сайлау құқығына ие азамат Мәжіліс депутаты болып сайлана алады.

Сайлау заңнамасына сәйкес, сайлау Республика Президенті шақыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында өткізіледі.

Сессия өтетін үй-жайда дауыс беру пункті ұйымдастырылады. Дауыстарды санауды және оның нәтижелерін жариялауды Астана қалалық сайлау комиссиясы іске асырады.

Мәжілістің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған шығып қалған депутатының орнына сайлаудың нәтижесін Орталық салау комиссиясы 2008 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей анықтауға және ол туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында 2008 жылғы 1 қарашадан кешіктірмей жариялауы тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар