Мәжіліс депутаты А. Әбілдаев Алматы облысында бірқатар кездесулер өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.26
  • 514.48
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаты А. Әбілдаев Алматы облысында бірқатар кездесулер өткізді

Мәжіліс депутаты А. Әбілдаев Алматы облысында бірқатар кездесулер өткізді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азамат Әбілдаев Алматы облысы Жамбыл ауданы Сұраншы батыр, Қастек елді мекен тұрғындарымен кездесу өткізді.

  • 17 Қаңтар 2013
  • 299
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының негізгі бағыттары туралы сөз болды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жұртшылықпен жүздесуде депутат еліміздің даму деңгейін, Елбасы айқындаған межелі міндеттердің орындалу барысына тоқталып өтті. Осыдан 15 жыл бұрын қабылданған «Қазақстан-2030» стратегиясының басым көрсеткіштерінің мерзімінен бұрын атқарылғандығына, былтырғы жыл қорытындысында еліміздің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену мүмкіндіктеріне барынша қол жеткізгеніне тоқталды. «Ендігі мақсатымыз, сол қол жеткен жетістік арқылы Жолдауда көрсетілген басымдықтарды толығымен іс жүзіне асырып, болашаққа қадам жасау. Елбасы айқындаған стратегияға сәйкес, 2050 жылға қарай әлемнің озық 30 мемлекетінің қатарына ену үшін дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру маңызды. Сол үшін біз бұл бағытта жұмылуымыз қажет», — деп атап өтті А. Әбілдаев.

Кездесуде ауылды жерлердегі денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі, ана мен бала және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері жөнінде әңгіме болып, жұртшылық тарапынан көтерілген мәселелерге жауап берілді.