Сарыарқа және Есіл аудандарының) мен қатаң тәртіптегі ЕЦ-166/10 түзету мекемесінде болды, деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі (ҚАЖ) комитетінің баспасөз қызметі.
«Мұндағы негізгі мақсат — жаңа ҚР Қылмыстық, Қылмыстық-атқару және Қылмыстық процессуалдық Кодекстрі негізінде ҚАЖ қызметкерлерінің жұмысымен танысу», — деп атап өтті республикалық ведомствода.
«Түзету мекемесінде қонақтар тұрғын үй корпустары мен нысанның санитарлық бөлімінде болып, өндіріс учаскелерін — аяқ-киім тігу, көктайғақ кезінде құм себу мен қар жинауға арналған көліктерді қайта жабдықтауға дайындайтын цех жұмысымен танысты», — деп қосты ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметінен.

