Жарияланды: 460

Мәжіліс депутаты азаматтарды өз өтініштері бойынша қабылдады

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жарасбай Сүлейменов «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратының кеңсесінде азаматтарды өз өтініштері бойынша қабылдады.

Депутат қабылдауында Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының, сондай-ақ Астана, Алматы және Тараз қалаларының тұрғындары болды. Қабылдауда болған азаматтар әлеуметтік мәселелерді қозғады. Атап айтқанда, тұрғын үймен қамту, жұмысқа орналасу, еңбекақы төлеу, сот шешіміне қатысты мәселелер қамтылды. Сонымен қатар шағым білдірушілер материалдық және моралдық шығындардың дер кезінде өтелмеуі, бала бақшадан жеңілдік бойынша орын алу, санаториялық-курорттық емделуге ықпал ету жайын көтерді. Депутат барлық өтініш білдірген азаматтарға түсініктер берді және оларды әрі қарай шешуге ықпал жасау үшін жазбаша шағымдарын қабылдады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін