Мәжіліс депутаты бағалы металлдарды пайдалану арқылы жасалатын заңсыз операциялар үшін жүктелетін жазаны күшейтуді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаты бағалы металлдарды пайдалану арқылы жасалатын заңсыз операциялар үшін  жүктелетін жазаны күшейтуді ұсынады

Мәжіліс депутаты бағалы металлдарды пайдалану арқылы жасалатын заңсыз операциялар үшін жүктелетін жазаны күшейтуді ұсынады

Мәжіліс депутаты Валерий Котович бағалы металлдарды пайдалану арқылы жасалатын заңсыз операциялар үшін жүктелетін жазаны күшейтуді ұсынады. Парламентші осыған қатысты арнаулы заң жобасын әзірледі. Ол 31-желтоқсанда мәжілістің жалпы отырысында баршаға таныстырылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне парламенттің төменгі палатасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Желтоқсан 2003
  • 455
Фото - Caravan.kz

Заң жобасына берген түсініктемесінде В.Котовичтің атап көрсеткеніндей, соңғы жылдарда алтынды қарадүрсін тәсілмен өндіру, өңдеу және оны контрабандалық сату, жарылғыш заттарды жеткізу, құнды металлдарды заңсыз айырбасқа салу жұмыстарын қылмыстық топтар өз қолына алды. Сол себепті депутат бастамасы бойынша жасалған заң жобасында осындай заңсыз операциялар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Бұрындары Қазақстан Қылмыстық Кодексінде осындай норма болған, бірақ ол кейінірек алып тасталыпты. Парламент депутатының айтуынша, осыдан кейін алтын өндіру жөніндегі кен байыту фабрикалары мен шахталарға жақын орналасқан елді мекендерде құнды металлдарға қатысты заңсыз операцияларды жүзеге асыруға машықтанған қылмыстық топтардың белсенділігі артты. Депутаттың айтуынша, «олар қазір алтынды кендерді ұрлау мақсатымен жұмыс істеп тұрған шахталар мен кен байыту фабрикаларына енуді жүйелі жолға қойып алды». «Бұл топтар кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіріп, ондағы жабдықтар мен тетіктерді, жер асты коммуникацияларын істен шығаруда». Сондай-ақ, В.Котович ортаға салған мәліметтерге сәйкес, қылмыстық топтар алтын мен алтынды кендерді алу үшін арнайы тіреуіштерді құлата отырып жұмыс істемей тұрған шахталарды да қазу арқылы жер бетінің опырылып кету қаупін арттырып, адамдар өміріне қатер төндіруде.
В.Котовичтің пікірінше, бұл деректер «Қылмыстық Кодекс баптарының ешбір негіздемесіз қылмыстық сипаттан айрылғанан » айғақтайды. Осыған байланысты депутаттың пайымдауынша, депутат бастамасы бойынша жасалған заң жобасындағы нормалар осындай көріністермен күреске қажетті құқықтық базаны қалыптастырады.

Соңғы жаңалықтар