Мәжіліс депутаты балалар мен жастарды қолдаумен айналысатын Германия федералдық қызметінің өкілдерімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаты балалар мен жастарды қолдаумен айналысатын Германия федералдық қызметінің өкілдерімен кездесті

Мәжіліс депутаты балалар мен жастарды қолдаумен айналысатын Германия федералдық қызметінің өкілдерімен кездесті

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Майра Айсина «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдары одағының шақыруымен келген балалар мен жастарды қолдаудың мемлекеттік мәселелерімен айналысатын Германия федералдық қызметінің өкілдерімен кездесу өткізді.

  • 25 Маусым 2011
  • 416
Фото - Caravan.kz

Кездесуге «IB Интернационалдық Одағының» бөлімше меңгерушісі Урзула Шаде, аталған одақтың орталық басқармасындағы халықаралық жобалар үйлестірушісі Даниела Кеесс, одақтың әлеуметтік кеңесшісі Ирина Мюллер және «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдары одағы қоғамдық бірлестігінің президенті Елена Дмитриенко қатысты. Жүздесу барысында Мәжіліс депутаты меймандарды балалар мен жасөспірімдерге мемлекет тарапынан жасалып жатқан әлеуметтік қамқорлықтарды талдап, заңнамалармен таныстырып өтті.

Сонымен қатар, Тараптар екі жақтың ынтымақтастық байланыстар мен бірлесіп атқарылатын істердің нақты бағытын айқындады.

«Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдары одағы қоғамдық бірлестігі жастарға патриоттық, рухани-жағымды тәрбие берудің азаматтық институты болып табылады. Жастардың азамат болып қалыптасуы мен қиын балалардың әлеуметтік жағдайының өзекті мәселелерін шешу жолындағы қажетті тәжірибелерді үйрену мақсатында әртүрлі отандық және шет елдік балалар қоғамдарымен серіктестік қатынас орнатып, жетілдіріп отырады. Аталған халықаралық байланыстар шеңберінде герман федералдық қызметі өкілдерінің 23-29 маусым аралығында іскерлік кездесулері өткізілуде.

Соңғы жаңалықтар