Мәжіліс депутаты Ғ.Қасымов "сайлау процессіне араласқаны үшін" Алматы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы мен бір аудан төрағасын отставкаға жіберуді талап етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаты Ғ.Қасымов "сайлау процессіне араласқаны үшін" Алматы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы мен бір аудан  төрағасын отставкаға жіберуді талап етеді

Мәжіліс депутаты Ғ.Қасымов "сайлау процессіне араласқаны үшін" Алматы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы мен бір аудан төрағасын отставкаға жіберуді талап етеді

Қазіргі депутат әрі парламенттің төменгі палатасының болашақ депутаттығынан үміткер Ғани Қасымов сайлау заңын "тікелей бұзуына байланысты" Алматы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулет Байділдиновты отставкаға жіберіп, жауапкершілікке тартуды талап етеді. Сондай-ақ, үміткер "сайлау процессіне тікелей араласқаны үшін" Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Владимир Устюговты отставкаға жіберуді талап етеді. Осы жөніндегі өтінішті ол Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева мен ҚР бас прокуроры Рашид Түсіпбековке жолдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Қыркүйек 2004
  • 559
Фото - Caravan.kz

Мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, Алматы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы сайлауға қатысушылардың құқығын аяққа таптаумен бірге «көпе-көрнеу жалған ақпарат тарату арқылы сайлау органдарының беделін түсірді». «Сайлауды бұрмалауға оның тікелей қатысы бар»,- дейді депутат.

Ғ.Қасымовтың мәлімдеуше, Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі «сайлау процессіне тікелей араласып», ІІМ қызметкерлерінің тікелей көмегімен округтік сайлау комиссиясының мүшелеріне қысым көрсету арқылы бақылаушылар мен Қазақстан патриоттары партиясының өкілдері-заңгерлерге қарсы жауап беруге мүжбүрледі.
Осыған байланысты депутат Алматы қалалық сайлау комиссиясының төрағасын қайта сайлауды, президент әкімшілігінің төрағасы Иманғали Тасмағамбетовтың атына аудан әкімін жұмыстан шығару туралы таныстыру жолдауды талап етеді. Сондай-ақ, Ғ.Қасымов ҚР ІІМ Заытбек Тұрысбековке «аудан әкімі В.Устюговтың басшылығымен ІІМ органдарының округтік сайлау комиссиясының отырысына заңсыз араласу дерегі бойынша қызмет бабындағы тексеру жүргізу жайында» өтініш жолдады.

Перейти к новостям спорта