Мәжіліс депутаты Г.Исімбаева қоғамдық қабылдау өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаты Г.Исімбаева қоғамдық қабылдау өткізді

Мәжіліс депутаты Г.Исімбаева қоғамдық қабылдау өткізді

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын түсіндіру мақсатында сапарда жүрген Мәжіліс депутаты Гүлмира Исімбаева «Нұр Отан» ХДП Алматы қаласы, Әуезов аудандық филиалы кеңсесінде аудандық атқарушы билік өкілдерімен бірге қоғамдық қабылдау өткізіп,

  • 17 Қаңтар 2013
  • 357
Фото - Caravan.kz

азаматтарды қабылдады. Бұл туралы Мжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Халықтың әлеуметтік, саяси, азаматтық және жеке бас құқықтары бойынша толғақты мәселелері көбінесе партияның қоғамдық қабылдау бөлімдерінде талқыланып, тиімді шешім тауып жатқанын тәжірибе көрсетіп келеді. Ал мұндай шарадағы ең басты мәселе — халықтың сенімі. Осының арқасында қоғамдық қабылдау бөлімі бүгінде билік пен халықтың арасындағы алтын көпірге айналып отыр. Осыған орай, Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлмира Исімбаеваның қатысуымен өткен аталған қоғамдық қабылдау бөлімінде азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерінен сот шешімімен келіспеу, пәтер мәселесі, материалдық көмек көрсету, билік өкілдері қызметкерлеріне шағым айту секілді 9 өтініш қабылданып, оның барлығы бойынша құқықтық көмектер көрсетілді. Өтініштердің басым бөлігі жедел шешімін тауып жатса, бірқатары заңгерлер кеңесімен депутаттық сауал арқылы жауабы табылатын болып келісілді. Бұдан бөлек, азаматтардың жеке мәселелері бойынша аудандық атқарушы биліктің өкілдеріне нақты тапсырылып, оң шешімін табуына атсалысуы жүктелді. Мәселелердің шешімін табу, оның орындалуын қадағалау жұмыстары толығымен Әуезов ауданының қоғамдық қабылдау бөліміне тапсырылды.