Президент латын қарпіне көшу туралы осыған дейін талай мәрте айтқан болатын, деп хабарлайды 31 арна. Ал соңғы шыққан мақаласында Үкіметке қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын ғалымдар мен қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып жасауды тапсырды. Тіпті, келер жылдан бастап мектепте латын қарпін үйрету үшін мамандар мен жаңа оқулықтарды шығару керек деп отыр. Мамандар әзірге 31 әріптен тұратын латын әліпбиінің нұсқасын жасап қойыпты. Кезінде Ахмет Байтұрсыновтардың әліпбиінде 28 әріп болса, осыған үш кірме "в", "ф", "х-ны" қалдырдық дейді. Латыншаға көшсек, әліпбиде 42 емес, 31 әріп қана болуы мүмкін.
"Қалған "и", "е", "ю", "я" секілді дыбыстарды қолданбаймыз. Олардың орнына "е" және "о" әрпін біріктіру арқылы көрсетеміз" дейді "Жасанды интеллект" ғылыми-зерттеу институтының қызметкері Әсел Мұқанова.
Яғни, мамандар ешқандай қиындық туғызбайды, пернетақтаны да өзгертіп қажет емес деп отыр. Ал саясаттанушылар латын қарпіне ауысу Қазақстанды жаңа белестерге көтеретініне сенімді. Қазақ тілді және орыс тілді топтар жойылады, Қазақстанда тұратын өзге этностар қазақ халқының төңірегіне топтасады деп болжайды.
"Латын әрпін енгізу қазатың социумын біріктіретін үлкен қадам. Қазақ тілді орыс тілді деген топтар жойылады" дейді саясаттанушы Ерлан Сайыров.
Ал депутаттардың пікірінше, латын қарпі біртіндеп енгізілуі керек. Әсіресе, орыс тілділер толық үйреніп кеткенше екі әліпбиді қатар қолдану керек дегендер де болды. Дегенмен, кейбір мәжілісмендер 80 жылға жуық оқытылған кириллица ұмытылып кете ме деп те алаңдайды…
"Осылайша Қазақстан орыс әлемінен алшақтап кетеді. Өйткені кирилл әрпі ығысады да, ол келесі ұрпақтарымызға жетпей қалады. Осыны мен уайымдаймын" дейді Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова.
Таким образом Казахстан дальше уходит от русского мира. Потому что кириллица уходит и этот алфавит будет потерян для следующее поколение. Мне это печально"
Қарапайым жұрт та, әсіресе компьютерде отырмайтындарға латын қарпін үйреніп алу оңайға соқпайды дейді. Ана тілінде оқып, жаза алмайтындар тіптен қиналатындарын айтады.
Ал президент Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды да тапсырды. Енді еліміз латыншаға көшу үшін дайындық жұмыстарына кіріседі. Кириллица біртіндеп келмеске кетіп, 2025 жылдан бастап еліміз толықтай латын қарпіне көшпек.