Мәжіліс депутаты Назарбаева республика үкімет басшысынан PetroKazakhstan Kumkol Resources компаниясынан жер қойнауын пайдалануға құқық беретін лицензиясын кері қайтарып алу мәселесін қарауды өтінді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаты Назарбаева республика үкімет басшысынан PetroKazakhstan Kumkol Resources компаниясынан жер қойнауын пайдалануға құқық беретін лицензиясын кері қайтарып алу мәселесін қарауды өтінді

Мәжіліс депутаты Назарбаева республика үкімет басшысынан PetroKazakhstan Kumkol Resources компаниясынан жер қойнауын пайдалануға құқық беретін лицензиясын кері қайтарып алу мәселесін қарауды өтінді

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева республика үкімет басшысынан PetroKazakhstan Kumkol Resources компаниясынан жер қойнауын пайдалануға құқық беретін лицензиясын кері қайтарып алу және жер қойнауын пайдалану жөніндегі компаниямен арадағы келісім-шартты бұзу мәселесін қарауды өтінді. Бүгін, 21-қыркүйекте өткен мәжілістің жалпы отырысында депутат осы жөніндегі депутаттық сауал жолдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Қыркүйек 2005
  • 418
Фото - Caravan.kz



Депутат өз сауалында үшінші шақырылған парламенттің бірінші сессиясы барысында депутаттар PetroKazakhstan Inc. компаниясы тарапынан республикадағы заң талаптары мен келісім-шарт бойынша жүкте алған міндеттемелерін орындамауға байланысты үкіметке, энергетика және минералды ресурстр министрлігі мен бас прокуратурасына талай мәрте сауал жолдағанын атап өтті.
«Мемлекеттік мекемелер тарапынан жүргізілген көптеген тексерулер нәтижесінде компанияның республика заңнамалары бойынша белгіленген жер қойнауын пайдалану нормалары мен экологиялық талаптарды, монополияға қарсы күрес саясатына қатысты нормаларды бұзуға және қол қойған келісімдердің шарттарын орындамауға байланысты деректер әшкереленді»,- деді Д.Назарбаева.
Атап айтсақ, депутаттың мәліметіне сәйкес, 2005-жылы PetroKazakhstan Inc. компаниясының лауазым иелерінің үстінен қоршаған ортаны қорғау заңын бұзу деректеріне байланысты бес әкімшілік іс пен жанар-жағармайды аффилиирлік байланыстағы компанияларға арзан бағаға сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Сонымен бірге, «компанияның 430 млн. доллар көлеміндегі инвестициялық міндеттемені орындау мүмкіндігі сауал тудырады»,- деді ол.
«PetroKazakhstan Kumkol Resources компаниясы тарапынан республика заңнамалары мен келісім-шарты бойынша жүктеп алған міндеттемелерін бұзу деректерінің көптігін ескеру негізінде, компанияның осындай міндеттемелері туралы, сондай-ақ, компания тарапынан заң мен келісім талаптарын бұзуға қатысты әшкереленген барлық деректер туралы толық ақпарат беруді, PetroKazakhstan Inc. компаниясынан жер қойнауын пайдалануға құқық беретін лицензиясын кері қайтарып алу жөнінде шағым беру жайында бастама көтеруді, республика заңдарында белгіленген тәртіп бойынша компаниямен жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім-шартын бұзуды, компания жұмыс істей бастағаннан бері елімізге келген экономикалық және экологиялық шығындардың орнын толықтырып алуға шаралар қолдануды сұраймын»,- делінген сауалда.
Сонымен бірге Д.Назарбаева үкіметтен алдағы жалпы отырыстардың бірінде ауызша толыққанды жауап беріп, үкіметтің осы мәселеге қатысты ұстанымын жария етуді өтінді.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта