Ф.Оңғарсынованың пікірінше, Қазақстан президентінің «оны бұрынғы орнында қалдыруға ниеті болған жоқ». «Оны палата төрағасының орынтағында қалдыру дұрыс болмас та еді»,- дейді ол. Дегенмен, «президент пікірінің маңыздылығына» қарамастан, Ф.Оңғарсынованың айтуынша, мәжіліс төрағасының лауазымы сайланбалы лауазымға жатады.
Жалпы алғанда Ж.Тұяқбайдың мәлімдемесін мәжіліс депутаты Фариза Оңғарсынова «әсіре қатқыл» деп атай отырып, оның «мемлекет басшысына шынайы берілген, сенімді әріптесі» болғанын қосты.
Ал мәжіліс депутаты Владислав Косарев «үшінші шақырылған мәжіліс спикерінің кандидатурасы әлдеқашан анықталып қойған» деген пікірге қосылмайтынын мәлімдеді. В.Косаревтің пайымдауынша, жаңадан шақырылан парламент мәжілісінің төрағасы болуға Ж.Тұяқбайдың мүмкіндігі басқаларға қарағанда анағұрлым артық болатын. Осы орайда ол Ж.Тұяқбайдың «депутаттыққа қайтадан өткенін» атап өтті. «Ал ендігі жерде кімнің төраға болатынын депутаттар шешеді»,- деді мәжіліс депутаты.