Ерасыл Әбілқасымов бас прокуратураға жолдаған жолдауында «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілшігінің қызметкерлері мен республикалық денсаулық сақтау жетекшілері және облыстық денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелері басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғау туралы сұраймын», деді.
Депутаттың пікірінше, Оңтүстік Қазақстан облысы басшылары»немқұрайдылық танытқан», бұл өз кезегінде «40 баланың өліміне әкеп соқтырды».
Ал, Серік Әбдірахмановтың пайымдауынша, орын алған келеңсіз жағдайға байланысты палата отырысына денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаевты шақыру қажет.
«Оңтүстік Қазақстан облысында қылмыс жасалды. Емірге енді аяқ басқан қырық бала, шенеуіктердің салғырттығының арқасында өмір сүру құқығынан айрылды», деді С.Абдрахманов. Депутаттың айтуынша, бұл осы министрліктің «бірінші олқылығы » емес. «Естеріңізге салайық, Қарағанды облысындағы құрт ауруына қарсы егу шарасы. Біз министрліктегі бюджетке қатысты шикіліктерді де білеміз, олар заңсыз пайдаланып жатқан бюджет қаражатының тек үштен бірін ғана толтырады»,-деді депутат.
Мәжіліс депутатының пікірінше, денсаулық сақтау министрлігі палата отырысында баяндама жасағанда, отырысқа президент әкімшілігінің өкілдері де қатысуы тиіс.