Мәжіліс депутаты С.Әлібаев депутаттық сауал жолдап "Наурыз Банктің" төңірегіндегі ахуалға түсініктеме беруді талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаты С.Әлібаев депутаттық сауал жолдап "Наурыз Банктің" төңірегіндегі ахуалға түсініктеме беруді талап етті

Мәжіліс депутаты С.Әлібаев депутаттық сауал жолдап "Наурыз Банктің" төңірегіндегі ахуалға түсініктеме беруді талап етті

Мәжіліс депутаты Серікбай Әлібаев ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің төрағасы Болат Жәмішевтің атына депутаттық сауал жолдап, "Қазақстан Наурыз Банкі" төңірегіндегі ахуалға түсініктеме беруді талап етті. Депутаттық сауалды ол бүгін, 17-маусымда парламент палаталарының бірлескен отырысында жария етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Маусым 2004
  • 441
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, депутат «Қазақстан Наурыз Банкі» ААҚ-ның ірі акционерлерінің бірі «Наурыз Холдинг Қазақстан» екені рас па, және осы холдинг арқылы 2002-жылы «Наурыз Банктің» жарғылық қорына жарна ретінде 10 млн. доллар аударылды ма деп сауал тастады. Сонымен бірге депутат соңғы 6 айда «Қазақстан Наурыз Банкі» ААҚ-на жүргізілген тексерулер қаншалықты жиі болды, оларды кім жүргізді, және соңғы бес тексерудің үшеуін прокуратура мекемелері жүзеге асырғаны рас па дегенді анықтауды өтінеді.

Сондай-ақ, С.Әлібаев ҚР Ұлттық банкі «Наурыз Банктің» лизенциясын кері қайтарып алмақ болған жағдай шынымен де болды ма дегенді нақтылауды сұрайды. Депутат сондай-ақ, «Наурыз Банкке» жүргізілген салық тексерулері нәтижесінде 935 млн. теңге көлеміндегі салықтың төленбегені анықталғаны рас па, егер бұл шындық болса, банктің жеке салымшыларының мүддесі қалай қорғалады деген сауалға жауап алғысы келеді.