Депутаттық сауалда атап көрсетілгеніндей, «PetroKazakhstan компанияларының тобы лицензиялар мен келісім-шарттарының талабына жүйелі түрде бағынбай, еліміздің монополияға қарсы күрес заңын өрескел бұзып отыр».
«2005-жылдың қаңтар айында «PetroKazakhstan Kumkol Resources» және «PetroKazakhstan Oil Products» компанияларына инспециялық тексеру жүргізген ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің мамандары бұл компанияның экспортқа шығаратын мұнай өнімдерінің декларациялық бағасын Қазақстанның ішкі рыногындағы бағамен салыстырғанда анағұрлым төмендетіп көрсету дерегін анықтады. Соның салдарынан қыруар қаржы салық аясынан тысқары қалған»,- делінген депутаттық сауалда.
«Тексеру нәтижесінде экологиялық заңнамаларды бұзу деректері де әшкереленді»,- делінген хатта. «Экологиялық заңнамаларды бұзу деректері бойынша табиғат қорғау прокуратурасы тарапынан қолданылған шаралар тиімді болмай отыр»,- дейді депутат.
«Осындай күрделі проблемалар кешеніне сәйкес» В.Сухорукова үкімет басшысынан бірнеше сауалға жауап беруді сұрады. Мәселен, депутат беті ашылған заң бұзу деректеріне сәйкес PetroKazakhstan компаниясына қатысты қолданылған шаралар туралы ақпаратқа, ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитеті мен салық комитеті тарапынан экспорттық бағаны арзандатып көрсетуге байланысты қандай шара қолдануға ниеті бар екеніне қызығушылық танытты.
Ал ҚР бас прокурарутасынан В.Сухорукова республикамыздың заңдарын бұзуға жол бермеу және оның алдын алу бағытында компанияға қатысты қолданылатын прокурорлық қадағалау шаралары туралы мәліметтер беруді өтінеді.