Мәжіліс депутаты жерді мемлекеттік қажеттілікке деп тәркілеп алуды "мемлекеттік рэкет" деп атады - газет - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаты жерді мемлекеттік қажеттілікке деп тәркілеп алуды "мемлекеттік рэкет" деп атады - газет

Мәжіліс депутаты жерді мемлекеттік қажеттілікке деп тәркілеп алуды "мемлекеттік рэкет" деп атады - газет

АЛМАТЫ. 12-ақпан. Kazakhstan Today. Мәжіліс депутаты Сергей Киселев жергілікті атқарушы билік органдарының бас жоспарды іске асыруды сылтауратып жерді мемлекеттік қажеттілікке деп тәркілеп алуын "мемлекеттік рэкет" деп атайды, деп жазады "Караван" апталығы.

  • 12 Ақпан 2007
  • 451
Фото - Caravan.kz

«Тәркілеп алынған жерлерде салынып жатқан нысандардың мемлекеттік қажеттілікке ешбір қатысы жоқ»деді басылымға берген сұхбатында мәжіліс депутаты. «Жер коммерциялық жобалар үшін, құрылыс салып ауқымды пайда тауып отырған танымал құрылыс фирмалары үшін тәркіленуде»,- деді С.Киселев.

Мұндай жайтқа заңның жетілдірілмеуі себеп, деп санайды депутат. Оның түсініктемесіне сәйкес, Жер кодексінің 84-бабының 6-тармағы бойынша жер телімдерін тәркілеп алуға бір негіз — бас жоспар деп көрсетілген. «Бұл бап кез-келген қаладағы әкімдерге жерді мемлекеттік қажеттілікті алға тартып, тәркілеп алуға мүмкіндік береді»,- деді ол.

Осыған байланысты ол өзінің кодекстің осы бабын өзгертіп, «заңда мемлекеттік қажеттілік немесе мұқтаждық деген мемлекеттік меншіктегі нысандардың құрылысын салу екенін айқын көрсету» туралы ұсыныс енгізгенін еске салады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті