Мәжіліс экологиялық аудит мәселесі бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс экологиялық  аудит мәселесі бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс экологиялық аудит мәселесі бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Бүгін, 18-мамырда өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық аудит мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Мамыр 2005
  • 1202
Фото - Caravan.kz

«Заң жобасының басты мақсаты — экологиялық аудитті жүзеге асырудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындау болып табылады»,- деді заң жобасын отырыста таныстырған ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақова.

Министрдің айтуынша, «заңнамада тиісті нормалардың болмауына байланысты әзірге экологиялық аудит кеңінен таралмай отыр». «Аудиторлық ұйымдардың іс-қызметі мен экологиялық аудит қажет болатын жағдайлар реттелмеген»,- деді А.Самақова. Осыған байланысты заң жобасында экологиялық аудит ұғымы мен оның мақсаттары нақтыланған. Мәселен, министрдің түсініктемесіне сәйкес, экологиялық тәуекелдерді айқындап бағалау, қоршаған ортаға нұқсан келтіру мүмкіндіктерін айқындап бағалау, сондай-ақ, экологиялық қауіпсіздікке қатысты нұсқаулардың деңгейін арттыру үшін экологиялық аудит қажет.
Заң жобасына сәйкес, қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы мекемеге аудиторларды аттестациядан өткізу және экологиялық аудиттің міндетті түрде қажеттігін айқындау функциялары қоса жүктелді. А.Самақованың айтуынша, «қоршаған ортаға нұқсан келтіру, кәсіпорындар жұмысының экологиялық қауіпсіздігін арттыру, кәсіпорынды қайта құру және банкроттыққа ұшырау тәрізді шектеулі жағдайларда ғана міндетті түрде экологиялық аудит жүзеге асырылады».
«Заң жобасы отандық кәсіпорындарда экологиялық таза және ресурстарды үнемдеуге бағытталған технологияларды қолданысқа енгізуге жәрдемдеседі»,- деді министр.
Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.

Перейти к новостям спорта