Мәжіліс "Экстремистік іс-әрекеттерге қарсы күрес туралы" заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "Экстремистік іс-әрекеттерге қарсы күрес туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Экстремистік іс-әрекеттерге қарсы күрес туралы" заң жобасын мақұлдады

Бүгін, 20-қазанда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Экстремистік іс-әрекеттерге қарсы күрес туралы" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 20 Қазан 2004
  • 687
Фото - Caravan.kz

Заң жобасын палата отырысында таныстырған ҚР әділет министрінің орынбасары Серік Баймағамбетовтың түсініктемесіне жүгінсек, бұл заң жобасы «Қазақстан Республикасының егемендігі мен біртұтастығын, оның аумақтық бүтіндігін қамтамасыз ету, адамдар мен азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау» мақсатында жасалды.

Заң жобасы экстремистік іс-әрекеттерге қарсы күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындап, осындай іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жүктелетін жауапкершілікті белгілейді. Сонымен бірге заң жобасы «экстремистік іс-әрекеттерге қарсы күресуші мемлекеттік мекемелер жүйесін айқындап, олардың құзыреті аясын шектеп береді».
Мәселен, осыған сәйкес Астана қалалық соты басқа мемлекеттер аумағында экстремистік іс-әрекеттерді жүзеге асырған шетелдік және халықаралық экстремистік ұйымды танып, жауапқа тарту құқығына ие болмақ.
Бұған қоса заң жобасында экстремистік ұйымдар мен экстремистік іс-әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылған адамдарды тіркеуге алу қарастрылған. Құқықтық статистика және арнаулы тіркеу салаларындағы статистикалық іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме осындай тіркеуді жүргізіп отыру құқығына ие болады. С.Баймағамбетовтың айтуынша, осындай тіркеуді жүргізу «құқық қорғау мекемелеріне экстремистік ұйымдар мен экстремистік пиғылдағы адамдардың іс-әрекетіне тосқауыл қою және оларды әшкерелеу міндеттерін мейлінше тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді».
Заң жобасына сәйкес, экстремистік іс-әрекеттерге қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмысын мемлекет басшысы айқындаған мемлекеттік мекеме үйлестіретін болады.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар экстремистік іс-әрекеттерге қарсы күрес мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды алғашқы оқылымда мақұлдады.

Перейти к новостям спорта