Мәжіліс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жер Кодексінің жекелеген баптарына қатысты қарсылықтарымен толықтай келісті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жер Кодексінің жекелеген баптарына  қатысты қарсылықтарымен толықтай келісті

Мәжіліс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жер Кодексінің жекелеген баптарына қатысты қарсылықтарымен толықтай келісті

Бүгін, 18-маусымда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары палатаның аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің Елбасының Жер Кодексінің жекелеген баптарына қатысты қарсылықтарымен келісу туралы шешімін басым дауыспен қолдады. Бұл мәселе бойынша 53 депутат қолдап дауыс берсе, 7 депутат қарсылық білдірген, қалыс қалғандар екеу,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 18 Маусым 2003
  • 465
Фото - Caravan.kz

Комитет шешіміне сәйкес палата Жер Кодексі бойынша мемлекет басшысының барлық қарсылықтарымен келісті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жер Кодексінің 13, 20, 33, 47, 50, 85, 112, 148, 170-ші баптарына , нақты айтсақ, жалпы тоғыз бапқа вето жариялаған болатын.
Мәселен, Жер Кодексінің 50-ші бабына қойған ветоны мемлекет басшысы парламентке жолдаған мәтінде былай деп түсіндірген :
» фермерлік шаруа қожалығын құру , не болмаса ауылшаруашылығы тауарын өндіру мақсатымен жеке меншікте немесе жеке тұлғаның , яки заңды тұлғаның немесе олармен байланысты аффилиирлік тұлғаның қолында уақытша ұзақ мерзімді тұтынымда болатын , сондай-ақ, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік заңды тұлғалардың қолында уақытша тұтынымда болатын ауылшаруашылық мақсаттағы жер учаскелерінің шектеулі ең жоғарғы көлемін ел бойынша біртұтас көрсеткішпен Кодексте қатаң белгілеу — мұндай өндіріспен айналысудың әртүрлі табиғи-климаттық ахуалдағы аймақтық ерекшеліктерін толыққанды ескеруге мүмкіндік бермейді » .
«Өндірілетін ауылшаруашылығы өнімдерінің бәсекелестік қабілеті, көлемі мен рентабельділік көрсеткіші көп жағдайда жер учаскесінің көлеміне тікелей байланысты болғандықтан , мәселеге әлгіндей көзқарас ауылшаруашылығы өндірісінің тиімділігіне нұқсан келтіреді»,- делінген құжатта.
«Әр өңірдегі өндіріс ерекшеліктерін тек жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың қатысуымен ғана айқындауға болады»,-деп санайды мемлекет басшысы.
Осыған байланысты ол жер учаскелерінің ең жоғарғы шектеулі мөлшерін «облыстық (республикалық маңызды қалалық және астаналық) атқарушы және өкілетті органдардың бірлескен ұсынысы негізінде» ҚР үкіметінің белгілеуі дұрыс деп санайды.
Ал мемлекет басшысының Жер Кодексінің 170-ші бабына қатысты қарсылығы былай деп түсіндірілген :»жер учаскелерін субарендаға беруші институттардың жұмыс істейтін мерзімін бір жылға белгілеу мен шартты жер үлесін жалға алу құқығы — жерді жалға берушілердің жер учаскесіне қатысты құқығы мен шартты жер үлесін меншіктенушілердің өз құқығынан , оларға қатыссыз себептермен айрылып қалуына түрткі болуы мүмкін. Өйткені, осындай құқықтарды Кодексте көрсетілген шарт бойынша қайталап рәсімдеу біршама ұзақ уақытты талап етеді».
Осыған байланысты мемлекет басшысының пайымдауынша, «аталмыш институттарды қысқартудың ең қолайлы мерзімі — 2005-жылдың 1-қаңтары» болмақ.
Мемлекет басшысының Жер Кодексіне қатысты қарсылықтары бойынша парламент палаталарының ақырғы шешімі 27-маусымда өтетін бірлескен отырыста қабылданады.

Соңғы жаңалықтар