Мәжіліс елімізде донорлықты дамытуға бағытталған заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс елімізде донорлықты дамытуға бағытталған заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс елімізде донорлықты дамытуға бағытталған заң жобасын мақұлдады

Бүгін, 1-желтоқсанда өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қан мен оның құрамды бөлшектері бойынша донорлық туралы" заңның жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанада.

  • 1 Желтоқсан 2004
  • 432
Фото - Caravan.kz

Палата отырысында жоба хақында түсініктеме берген ҚР денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, бұл заң жобасы Қан мен оның құрамды бөлшектері бойынша донорлықты жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін қалауға бағытталған. Заң жобасында азаматтардың денсаулығына нұқсан келтіргені үшін денсаулық сақтау саласының қызметкерлері жүктейтін жауапкершілік пен донорларды материалдық тұрғыда ынталандыру жүйесі қарастырылған. Сондай-ақ құжат мемлекеттік мекемелердің донорлық жасау саласындағы құзыреті аясын айқындайды.

Заң жобасы сенаттың талқысына жіберілді.

Перейти к новостям спорта