Мәжіліс еліміздің салық заңнамасына енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс еліміздің салық заңнамасына енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

Мәжіліс еліміздің салық заңнамасына енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

Бүгін, 23 - маусымда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Кейбір заңнамалық актілерге салық салу мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Маусым 2005
  • 384
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, енгізілетін өзгерістер шағын бизнес субьектілері үшін жеңілдетілген декларацияның негізінде арнаулы салық режимін қолдану аясын кеңейтуді қарастырады. Сонымен бірге заң жобасында тауар айналымының ең төменгі мөлшері 12000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 15000 еселгенген айлық есептік көрсеткішке дейін аттырылған. Тауар айналымы осы межеден асқан жағдайда салық төлеуші қосалқы құн салығы бойынша есепке тұруға тиіс.

Өзгерістер арқылы арнаулы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын іс-қызмет түрлерінің тізімі ұлғайтылды.
ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің мәліметі бойынша, енгізілмек өзгерістердің нәтижесінде 9,6 млрд. теңгенің шығыны келеді.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Перейти к новостям спорта