Кеме ипотекасына қатысты қарым-қатынастарды «Сауда-саттық мақсатындағы кеме қатынасы туралы» заң реттейді. Алайда, оны тәжірибе жүзіндле қолдану барысында аталмыш норма мен Салық Кодексі нормаларының арасында құқықтық қайшылықтар туындады,- деді заң жобасын депутаттарға таныстырған ҚР көлік және коммуникация министрінің орынбасары Ерлан Қошанов. Оның айтуынша, кеме немесе жасалып жатқан жаңа кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеуде «қазіргі заңда көрсетілгендей төлем емес, алым алынуы тиіс». «Оған себеп, алым бір мәрте ғана жиналатын болса, ал төлемдер қандайбір мемлекеттік қор субьектісін пайдаланғаны үшін тұрақты төленіп тұруы тиіс»,- деді Е.Қошанов.
Оның айтуынша, сондай-ақ, аталмыш заңды қабылдау ҚР Салық Кодексі мен «ҚР Бюджеттік жүйесі туралы» және «Сауда-саттық мақсатындағы кеме қатынасы туралы» заңдарға тиісті өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.
Заң жобасы сенаттың қарауына тапсырылды.