Мәжіліс еркін сауда-саттық аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің өзара импортты лицензиялау тәртібі туралы Хаттаманы бекітуді құптады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс еркін сауда-саттық аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің өзара импортты лицензиялау тәртібі туралы Хаттаманы бекітуді құптады

Мәжіліс еркін сауда-саттық аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің өзара импортты лицензиялау тәртібі туралы Хаттаманы бекітуді құптады

Бүгін, 4-маусымда өткен мәжілістің пленарлық отырысында халық қалаулылары еркін сауда-саттық аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің өзара импортты лицензиялау тәртібі туралы Хаттаманы бекітуді құптады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 4 Маусым 2003
  • 571
Фото - Caravan.kz

Отырыста сөз сөйлеген ҚР индустрия және сауда вице-министрі Ғалым Оразбақовтың түсініктемесіне жүгінсек, хаттама автоматты түрде лицензиялау принциптерін , сандық шектеу қою, соның ішінде квота мөлшерін белгілеу, шектеу күшіне енетін және күшін жоятын күнді белгілеу мақсатымен импортталған тауарды лицензиялауда өзара ескерту- хабарлама беру тәртібін анықтайды.

Сондай-ақ, хаттамада ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге лицензиялау тәртібі туралы ақпарат беру , лицензиялауға жататын тауарлар тізімі, лицензиялауға құқылы мекеменің атауы , сонымен бірге, лицензиялау тәртібі жарияланатын ресми БАҚ-тың атауы мен датасы көрсетіледі.
Хаттаманы бекіту туралы заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар