Мәжіліс Есеп комитетінің екі мүшесін тағайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Есеп комитетінің екі мүшесін тағайындады

Мәжіліс Есеп комитетінің екі мүшесін тағайындады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Константин Плотников пен Ерлан Тұрлыбековты Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі етіп тағайындады.

  • 1 Маусым 2011
  • 325
Фото - Caravan.kz

Конституцияның 58-бабы 3-тармағының 7-тармақшасына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне кандидаттарды Мәжіліс Төрағасы ұсынады. Аталған кандидаттар Қаржы және бюджет комитетінің талқылауынан өтіп, комитет бұны мақұлдау туралы шешім шығарған.

Палата Есеп комитетінің аталған мүшелерін тағайындауды бірауыздан жақтап, шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар