Мәжіліс Еуропалық қайта құру және даму банкімен арадағы техникалық ынтымақтастық туралы келісімді бекітуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Еуропалық қайта құру және даму банкімен арадағы техникалық ынтымақтастық туралы келісімді бекітуді мақұлдады

Мәжіліс Еуропалық қайта құру және даму банкімен арадағы техникалық ынтымақтастық туралы келісімді бекітуді мақұлдады

Бүгін, 16-маусымда өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан үкіметі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы техникалық ықпалдасьық және ынтымақтастық жөніндегі рамкалы келісімді бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Маусым 2005
  • 443
Фото - Caravan.kz

Келісімде банктің тапсырмаларын орындаушы сарапшыларға халықаралық кеңесші мәртебесін беру және осыған байланысты оларға Еуропалық қайта құру және даму банкін құру жөніндегі келісімде айқындалған иммунитеттер мен артықшылықтарды иемдендіру мәселелері қарастырылған. Сонымен бірге құжатта техникалық ынтымақтастық аясында Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстанға берген техникалық көмек құралдары мен халықаралық кеңесшілерді салықтан босату жөніндегі нормалар бар.

Келісімге 2004-жылдың 10-желтоқсанында Астанада қол қойылды.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Перейти к новостям спорта