«Ұсынылып отырған заң жобасының тұжырымдамасы Қазақстанда нарықтық қатынастар дамуының қазіргі кезеңінде азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі конституциялық құқығын бұрынғы заңмен салыстырғанда толыққанды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді»,- делінген мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің қорытындысында.
Қорытындыда атап көрсетілгеніндей, «өзгерістер енгізу қажеттігі құқықты қолдану тәжірибесінде айқындалған кемшіліктерге байланысты . Түзетулер жекелеген азық-түлік өнімдерінің түрлерін өндіруде технологиялық мақсатта құрамына йод қосылмаған тұзды пайдаланатын заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ, құрамында йоды бар тұзды пайдалануға медициналық және басқа да себептермен тыйым салынған адамдарға Қазақстан Республикасы аумағында құрамында йоды жоқ тұз өндіру мен сатуға қажетті құқықтық базаны қамтамасыз етеді».
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті