Мәжіліс кәсіпкерлікті дамыту мақсатында әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекске енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс кәсіпкерлікті дамыту мақсатында әкімшілік құқық бұзушылықтар  жөніндегі кодекске енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

Мәжіліс кәсіпкерлікті дамыту мақсатында әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекске енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

Бүгін, 16-қарашада өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Қараша 2005
  • 455
Фото - Caravan.kz

«Заң жобасы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар жасау үшін қолданыстағы әкімшілік заңнаманы жетілдіруге бағытталған»,- делінген мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Атап айтсақ, бұл заң жобасы қабылданған жағдайда шағын және орта кәсіпкерлік саласына салынатын әкімшілік айыппұлдың ең жоғары көлемі азайтылады. Сонымен бірге заң жобасы жауапкершілікке тартылатын тұлғалар категориясын нақты ажырату, әкімшілік құқық бұзушы субьектілерді ауқатына қарай айыру, алғаш рет заң бұзушылар үшін жауапкершілікті жеңілдетуді қарастырады. Заң жобасында жеке кәсіпкерлерді заңды тұлғаларға белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тарту мүмкіндігі жойылған.
Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін салалық комитетке жолданды.

Перейти к новостям спорта