Бұл келісімге 2005-жылдың 18-қаңтарында Мәскеуде қол қойылған. Келісімнің мақсаты — KAZSAT жер серігін жасау, оны геостационарлық орбитаға шығару және соның негізінде Қазақстанның өзіне қарасты ғарыштық байланыс және хабар тарату жүйесін құру бағытында тараптардың өзара ынтымақтастығын жүзеге асырудың басты принциптері мен шарттарын айқындау болып табылады.
Келісімге сәйкес, KAZSAT жер серігін жасауға, жер бетіндегі басқару кешені мен мониторинг жүйесін құруға арналып үшінші елдерден Қазақстанның кедендік аумағына әкелінетін құрал-жабдықтар, қосалқы бөлшектер мен бағдарламалық қамтамасыздықтар Қазақстан аумағында кедендік төлемдерден, салықтар мен кез-келген алымдардан толық босатылады.
Келісімді жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 65 млн. доллар бөлу қажет.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.