Мәжіліс Кеден кодексіне енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Кеден кодексіне енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс Кеден кодексіне енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Бүгін, 23-ақпанда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 23 Ақпан 2005
  • 349
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, құжаттың мақсаты — құқықтық тәжірибені ескеру негізінде кедендік әкімшілікті одан әрі жетілдіру болып табылады. Енгізілген өзгерістердің көмегімен Кеден кодексінің нормалары басқа салалардағы заңнамалық актілерге сәйкестендіріледі. Түзетулер сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталады.

Мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің түсініктеме хатына сәйкес, «Тауардың шығу тегі туралы сертификат» жөніндегі бапқа түзету енгізілді. Түзету бойынша тауардың сәйкестік сертификатын (тауар еркін қойма аумағынан республикакедендік аумағының басқа бөлігіне шығарылған жағдайда) тиісті мемлекеттік уәкілетті мекеме беруге тиіс. Сонымен бірге депутаттар кедендік мекемеге тауар және көлік құралдарын Қазақстанның кедендік аумағынан тысқары шығару дерегі туралы хабарландыру мерзімін 15-тен 5 жұмыс күніне дейін қысқартуды ұсынып отыр.
Заң жобасы сенаттың қарауына жолданды.

Перейти к новостям спорта