Мәжіліс депутаттары «Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Үшінші елдерге қатысты кедендік әкету баждары туралы келісімді ратификациялау туралы», сондай-ақ «Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобаларын бір дауыстан мақұлдады.
Индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжанованың айтуынша, бұл келісімдерге Қазақстан, РФ мен Беларусь 2008 жылдың 25 қаңтарында қол қойған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті