Мәжіліс Кедендік одақты қалыптастыруға бағытталған заң жобаларының блогын мақұлдады (толықтырылған нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Кедендік одақты қалыптастыруға бағытталған заң жобаларының блогын мақұлдады (толықтырылған нұсқасы)

Мәжіліс Кедендік одақты қалыптастыруға бағытталған заң жобаларының блогын мақұлдады (толықтырылған нұсқасы)

Астана. 8 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутататы бүгін өткен жалпы отырыста Кедендік одақты қалыптастыруға бағытталған заң жобаларының блогын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 8 Қазан 2008
  • 396
Фото - Caravan.kz

Мәжіліс депутаттары «Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Үшінші елдерге қатысты кедендік әкету баждары туралы келісімді ратификациялау туралы» сондай-ақ «Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобаларын бір дауыстан мақұлдады.

Индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжанованың айтуынша, бұл келісімдерге Қазақстан, РФ мен Беларусь 2008 жылдың 25 қаңтарында Мәскеуде қол қойған.

Оның айтуынша, аталған келісімге сәйкес, біртұтас кедендік аумаққа үшінші елдерден енгізілген жағдайда тауар енгізгені үшін кедендік баж салығын төлеуден босату немесе аталған баж салығын төмендету түрінде тарифтік жеңілдіктер көрсетілуі мүмкін. «Біртұтас кедендік тариф егер тараптардың тауар енгізгені үшін төлейтін кедендік баж салықтарының ставкасы барлық тауар номенклатуралары бойынша сай келген жағдайда ғана қалыптасты деп саналады», — деді Ж. Айтжанова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар