Мәжіліс "Кейбір заң актілеріне темір жол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "Кейбір заң актілеріне темір жол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Кейбір заң актілеріне темір жол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Бүгін, 16-маусымда өткізілген мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Кейбір заң актілеріне темір жол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 16 Маусым 2004
  • 693
Фото - Caravan.kz

Заң жобасы бойынша «ҚР көлік туралы» және «Темір жол көлігі туралы» заңдарға өзгерістер енгізіледі.

Заң жобасын депутаттарға таныстырған ҚР көлік және коммуникация министрі Қажымұрат Нағмановтың айтуынша, бұл заңды қабылдау бәсекелестікті дамытуды, көлік рыногының барлық субьектілерінің темір жол көлігі қызметтерін алуға ұтымды және еркін қол жеткізуді, магистральдық темір жол желісінің бірыңғай мүліктік кешенін сақтауды, ұлттық рынок субьектілерінің экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, заң жобасы нарықтық экономика талаптарына сәйкес темір жол саласының жаңаша жұмыс моделіне құқықтық негіз қалауға бағытталған,- деді Қ.Нағманов.
Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.