Мәжіліс Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметі туралы заңға өзгерістер енгізу жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметі туралы заңға өзгерістер енгізу жобасын мақұлдады

Мәжіліс Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметі туралы заңға өзгерістер енгізу жобасын мақұлдады

Сенат бүгін пленарлы отырысында "Халыққа қызмет көрсету орталығының мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясының ұсыныстарымен келісті, деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің тілшісі хабарлады.

  • 23 Маусым 2011
  • 445
Фото - Caravan.kz

Сәрсенбі күні бұл ұсыныстарды мәжіліс мақұлдаған болатын. Заң жобасы қол қою үшін президентке жіберілді.

Сенат куәландыру орталығын аккредитациялау туралы куәліктің күшін уақытша тоқтату, қалпына келтіру және тоқтату бойынша ақпараттандыру саласындағы құзырлы орган өкілеттігін қарастыратын норманы алып тастауды ұсынды.
Мәжілістің заң және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитет тұжырымдамасына бұдан бұрын мәлімделгендей, депутаттар ұсынған заң жобасы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жеке және заңды тұлғаларға «бір терезе» қағидасымен мемлекеттік қызметтер көрсетуіне байланысты қатынастарын реттеуді жетілдіру мақсатында әзірленген.
Заң жобасы аталмыш функцияларды жергілікті атқару органдарынан ақпараттандыру саласындағы құзырлы органға өткізіп беруді көздейді.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары Байланыс және ақпарат министрлігінің қарамағында екені мәлім.
Жұмыс барысында заң жобасы «бір терезе қағидасы», «автоматтандыру», «мекенжайдың тіркеу коды» секілді түсініктермен толықтырылған.

Соңғы жаңалықтар