Мәжіліс комитетінде "Кейбір заң актілеріне темір жол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс комитетінде "Кейбір заң актілеріне темір жол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы  қаралды

Мәжіліс комитетінде "Кейбір заң актілеріне темір жол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды

Мәжілістің заңдар және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитеттің отырысында кеше "Кейбір заң актілеріне темір жол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды.

  • 19 Мамыр 2004
  • 497
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

Елімізде темір жол саласын дамыту, сондай-ақ, магистралдық темір жол желісінің қызметін реттейтін қолданыстағы заңдардың нормаларын қолдану, жолаушылар тасымалын және вагон шаруашылығын қаржыландыру практикасы темір жол саласын реттейтін қолда бар нормативтік құқықтық базаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді. Соған орай аталған заң жобасын қабылдау бәсекелестікті дамытуды, көлік рыногының барлық субьектілерінің темір жол көлігі қызметтерін алуға ұтымды және еркін қол жеткізуді, магистральдық темір жол желісінің бірыңғай мүліктік кешенін сақтауды, ұлттық рынок субьектілерінің экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Қолданыстағы заңда жолаушылар тасымалын республикалық бюджеттен қаржыландыру тетігі көзделмеген, соған байланысты тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажет болып отыр. Заң жобасын жасаушылар мен депутаттар аталған жобаның бағытын айқындап, комитет қоржынына түскен басқа да заң жобаларымен танысып, ретке келтірді.