«Заң жобасында оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын құру, оралмандарды эмиграциялық квотаға үкімет айқындайтын критерийлер мен тәртіпке сәйкес енгізу жайы қарастырылған»,- делінген мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің қорытындысында.
2007-2009-жылдарда бейімдеу орталықтарын құруға бюджеттен 633,1 млн теңге бөлу қарастырылған. 2007-жылғы бюджетте тиісті қаржы көзделінген.
Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін мәжілістің салалық комитетіне жолданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті